Қайрат Сатыбалды уақыт өте келе бостандыққа шығу үшін өтініш бере алады, – деп хабарлады orda.kz.
Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты.
Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, уақыт өте Қайрат Сатыбалды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады.
Оны шартты түрде босатуға болады. Бұл террористік қылмыс сияқты ауыр қылмыс жасағандардан басқалардың барлығына қатысты рұқсат етіледі, – деді Бас прокурордың орынбасары Шындалиев Мәжіліс отырысынан кейін.
Оның айтуынша, сотта тек екі эпизод – Қазақтелеком мен ЦТС бойынша қаралды. Қазір тергеушілер Қайрат Сатыбалдының салық заңнамасы және ақшаны жылыстату саласындағы басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.