365 560 теңге: жылқыны қорлаған Төреғали Төреәлі қанша айыппұл төлеуі мүмкін?
365 560 теңге: жылқыны қорлаған Төреғали Төреәлі қанша айыппұл төлеуі мүмкін?
17,808
оқылды
Желіде әнші Төреғали Төреәлінің жылқыға қорлық көрсетіп жатқан бейнежазбасы тарады. Видеодан әншінің жылқыны аяусыз соққылап жатқанын көруге болады. Төреғалидың жылқыны сабап жатқан видеосы желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Ескертеміз, видеода бейәдеп сөздер бар! Жануарларға зиян тигізгендер ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңы бойынша жауапкершілікке тартылады. Зардап салдарынан жануар өлімі орын алмаса қатыгездік танытқан жеке тұлғаларға 5 АЕК (15 315 теңге), ал лауазымды тұлғаларға 10 АЕК (30 630 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Аталған әрекетті қайталағаны үшін айыппұл құны төрт есе артады. Ал Қылмыстық кодекстің 316-бабына сәйкес жануарды мертігуге әкеп соқтырған үшін 120 АЕК-қа дейін (367 560 теңге) айыппұл салу немесе түзеу жұмыстары, 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамау көзделген. Бұған дейін әншінің гидті соққыға жыққаны жайлы жариялаған болатынбыз. Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының Полиция департаменті жауап берді.