Биыл жеке тұлғаларға мүлік салығын төлеу мерзімі өзгерді
Биыл жеке тұлғаларға мүлік салығын төлеу мерзімі өзгерді
Фото: arasha.kz
247
оқылды
Жеке тұлғалар үшін мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазан демалыс күніне сәйкес келгендіктен, төлеу мерзімі биыл 3 қазанға ауыстырылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Салық кодексінің 38-бабы 2-тармағының ережесіне сәйкес, егер салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, онда төлем мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады. Сондықтан 1 қазанға дейін төлем жасай алмаған азаматтар бүгін салық төлей алады. Өсімпұлды есептеу ертең, яғни 4 қазаннан басталады. Есептелген салық сомасын «kgd.gov.kz» сайтында және «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында «Алдағы төлемдер» сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларынан білуге болады. Салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін «e-Salyq Azamat» (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.