Әлем кубогында алға шықты
Әлем кубогында алға шықты
378
оқылды
Мажарстанның Самботхей қаласында мәресіне жеткен спорт­тық гимнастикадан бе­сінші Әлем кубогында қазақ­стандық спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізді. Осыдан бірер апта бұрын Фран­ция­ның бас шаһары – Парижде ұйым­дастырылған Әлем кубогының төр­тінші кезеңінде күміспен күп­тел­ген отандасымыз Нариман Құрбанов бұл жолы тұғырдың ең биік саты­сынан көрініп, Мажарстан төрінде Қазақстанның Әнұранын шырқатты. Ол Самботхейдегі бесінші кезеңде атта өнер көрсету бағдарламасында чемпион атанды. Қытай Тайпэйінің өкілі екінші орынға ие болса, жапон спортшысы үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ Әлем кубогы кезеңін­де өнер көрсетіп жатқан тағы бір жер­лесіміз Милад Карими еркін жат­тығуда күміс медаль жеңіп алды. Сам­бот­хей қаласында өткен Әлем кубогы жолындағы жарыста 27 елдің спортшылары 30 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Бұл қатарда Олим­пиада мен әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Енді Әлем кубогының соңғы, ал­тыншы кезеңі 7-9 қазанда Түркияның Мерсин қаласында өтеді. Кейіннен гимнасттар 29 қазанда Англияда бас­талатын әлем чемпионатына қаты­сады.