"ҚазТемірТранс" Қостанай филиалының директоры сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды.
2022 жылғы 3 қазанда Қостанай қаласының №2 сотымен «ҚазТемірТранс» АҚ Қостанай филиалының директоры Б.Усабеков пен «Вадиса М» ЖШС директоры С.Таировқа қатысты айыптау үкімі шығарылды.
Сот үкімімен Усабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Антикор хабарлағандай, аталған тұлғалар жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды, пара берді деп айыпталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сол үкімімен Таировқа пара беру фактісі бойынша параның 20 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл 24 млн теңгені құрайды.