Қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Үшеуі де Түркістан облысы Төлеби ауданының тұрғындары, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
"Аталған баптың санкциясы төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, сондай-ақ, екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді", – деп жазылған хабарламада.
Бүгінде үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал жол-көлік оқиғасына қатысты факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша оқиға қатысушыларының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.