Алтын кенін заңсыз өндірген
Алтын кенін заңсыз өндірген
357
оқылды
Жетісу тауларында алтын қазумен айналысқан азаматтар ұсталды. Дерек Ақсу ауданында тіркелді, онда 1 қазан күні Баласаз ауылының маңындағы таулы жерлерде жергілікті полицейлер «қара кеншілер» бригадасын ұстады. Бригада Жамбыл облысы мен Алматы қаласынан аудандық полиция бөліміне жеткізілген алты ер адамнан құралған. Күдіктілер алтын қазумен айналысқан деп болжанып отыр. Ұсталғандар өз қызметіне қандай да бір рұқсат құжаттарын ұсына алмады. Тәртіп сақшылары күдіктілерден автокөліктерді (жүк көлігі HOWO, экскаватор, УАЗ), сонымен қатар бұрғылар, электр генераторы, перфоратор, арнайы шыңдар, дайындалған қаптар, киіз үй мен шатыр тәркіледі.
 «Қазылған қазбалар (әртүрлі тастар мен құмдар) жүк көлігіне тиелген. Қазіргі кезде дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды және тергеу басталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 334-бабының 1-бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша жүргізіледі», – деді Жетісу облысы ПД Табиғатты қорғау басқармасының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.