Қасым-Жомарт Тоқаев: Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 1,5 есе артты
Қасым-Жомарт Тоқаев: Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 1,5 есе артты
Фото: БОРТ N1
502
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, денсаулық саласының қаржыландыруы арта түскенін сөз етті.  «Елімізде демографиялық ахуал жақсарып келе жатыр. Бұл – құптарлық үрдіс. Біз «Аңсаған сәби» бағдарламасын қабылдадық. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілді. Соның арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 1,5 есе артты. Медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Сондай-ақ  денешынықтыру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұқаралық спортты дамыту, түрлі үйірмелер ашу қажеттігі туралы міндет қойылды».