Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес – Тоқаев
Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес – Тоқаев
© inform.kz
260
оқылды
Кезектен тыс Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Президенттің өкілеттігін 7 жылдық бір мерзіммен шектеу шешімі туралы айтты.
«Тағы бір бастама – Президенттің өкілеттігін 7 жылдық бір мерзіммен шектеу. Мен осы шешім туралы көп ойландым. Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес деген тұжырымға келдім. Мемлекеттің тірегі – жалғыз Президент емес, бүкіл халық. Сондықтан ел басқаруға жаңа буын өкілдерінің келуі өте маңызды. Біз ұлт мүддесін қорғайтын және халыққа адал қызмет ететін азаматтарға жол ашуымыз керек. Нағыз мемлекетшіл, отаншыл, білікті тұлғалар жұртты жасампаз істерге жұмылдырып, Қазақстанды өркендете алады. Осы ұстаным мызғымас қағидатымыз болуға тиіс», – деді Президент.