Цифрлық активтер туралы заң жобасын қарайды
Цифрлық активтер туралы заң жобасын қарайды
429
оқылды
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың тө­раға­лығымен Палата бюросы өтіп, онда ал­дағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақты­ланды. Палатаның қарауына бірінші оқылымда Парламент депутаттары бастамашылық жасаған «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заң жобасы енгізіледі. Жаңа заң жобасы цифрлық активтер нарығын дамытуға, цифрлық активтерді шығару, орналастыру және айналысқа шығару процесінде туындайтын қатынастарды реттеуге бағытталған. Негізгі заң жобаны іске асыру үшін цифрлық активтер мәселелері бойынша ілеспе түзетулер әзірленді. Олар: Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс, Салық кодексі, сондай-ақ «Астана» халық­аралық қаржы орталығы туралы» консти­туция­лық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары. Сонымен қатар жалпы отырыста мәжілісмендер Швейцария Федералдық кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекеме қызметкерлерінің отбасы мүшелері ақылы еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарайды. Сондай-ақ күн тәртібінде «Агломерацияларды дамыту туралы», ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заң жобаларын Мәжілістің комитеттері жұмысқа қабылдайтын болады.