Павлодар облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 2 балықшының денесі табылды
Павлодар облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 2 балықшының денесі табылды
223
оқылды
Павлодар облысында жоғалып кеткен екі балықшының мәйіті табылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram парақшасында хабарлады.

«10 қазан күні сағат 14.00 шамасында іздеу шаралары кезінде Қутаяқсор көлінен 8 қазанда хабар-ошарсыз кеткен екі балықшының денесі табылды. Жергілікті жерде полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеуде. Мәйіттер бойынша сараптама тағайындалды, оның нәтижесінен соң шешім қабылданады», – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.