Атырауда бастауыш сынып оқушыларынан жоғары сыныпта оқитын балалар ақша талап етіп, құрғақ ұнтақты жеуге мәжбүрлеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Мой городтың» жазуынша, Атырауда №25 мектептің 4-сынып оқушылары мектепте әлімжеттіктен жапа шеккен.
Балалар ата-анасына жоғары сынып оқушылары қорқытып, ақша жинап, құрғақ ұнтақ жеуге мәжбүрлегеніне шағымданған.
Ата-аналар ұнтақ туралы оқушылар уланған соң ғана білген.
Полиция бұл мәселенің мән-жайын тексерді. Сараптама жүргізді.
«Ұнтақ психотроптық зат емес және адам ағзасына зиян келтірмейді. Ол тез дайындалатын құрғақ сусын екені анықталды», – делінген Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ресми мәліметте.