Шымкентте «концерт өткіздік» деп 610 миллионға жуық қаржыны жымқырғандар сотталды  
Шымкентте «концерт өткіздік» деп 610 миллионға жуық қаржыны жымқырғандар сотталды  
Фото: info-tses.kz
639
оқылды
Шымкентте мәдениет басқармасынан 610 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырғандарға сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Судьяның айтуынша, карантин кезінде концерт өткіздік деп есеп берген олар шын мәнінде ешқандай іс-шара ұйымдастырмаған. Бөлінген ақшаны қалтаға басып отырған. Бастапқыда бұл іске 6 адам күдікті деп танылған еді. Бүгін сот залынан үшеуі босатылды. Олар – басқармаға қарасты мәдениет үйінің директоры мен міндетін атқарушы және есепшісі. Соңғысы шартты түрде 7 жылға сотталды. Ал басқарма мен мәдениет үйінің бас есепшісі 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олармен сыбайлас болған кәсіпкер де 7 жыл жаза арқалады.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Бұған дейін әнші Сәкен Майғазиев екі күн бұрын тіркелген фирмамен 60 миллион теңгеге келісімшарт жасасқанын, Сәкен Майғазиев тендер берген Исмагулова туралы, Майғазиевтің жұмыстан кеткен себебін жазған болатынбыз.