Шымкентте мәдениет басқармасынан 610 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырғандарға сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Судьяның айтуынша, карантин кезінде концерт өткіздік деп есеп берген олар шын мәнінде ешқандай іс-шара ұйымдастырмаған. Бөлінген ақшаны қалтаға басып отырған. Бастапқыда бұл іске 6 адам күдікті деп танылған еді. Бүгін сот залынан үшеуі босатылды. Олар – басқармаға қарасты мәдениет үйінің директоры мен міндетін атқарушы және есепшісі. Соңғысы шартты түрде 7 жылға сотталды. Ал басқарма мен мәдениет үйінің бас есепшісі 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олармен сыбайлас болған кәсіпкер де 7 жыл жаза арқалады.