Түркияда тағы төтенше оқиға: зәулім ғимарат өртенді
Түркияда тағы төтенше оқиға: зәулім ғимарат өртенді
370
оқылды
Ыстамбұлда 15 қазанда Фикиртепе ауданындағы зәулім ғимарат өртенді. 24 қабатты үйден өрттің шығу себебі әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Oda TV түрік басылымы. Зәулім ғимараттың төменгі қабаттарында тұтанған өрт қаптама арқылы ғимараттың жоғарғы қабатына тез жеткен. Біраз уақыттан кейін өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады. Басылым мәліметінше, ғимарат бақылауға алынды және ішкі-сыртқы салқындату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала басшысы Экрем Имамоглудың айтуынша, өрттен қаза тапқандар жоқ.
"Фикиртепе аймағындағы көпқабатты үйден шыққан өртті біздің өрт сөндірушілер  бақылауға алды. Эвакуация барысында адамдар қаза тапқан жоқ. Өрттің шығу себебі тергеуден кейін белгілі болады", - делінген хабарламада.