ІІМ болашақ арнайы жасақ жауынгерлері қалай жаттығатынын көрсетті
ІІМ болашақ арнайы жасақ жауынгерлері қалай жаттығатынын көрсетті
383
оқылды
  Ішкі істер министрлігі Telegram арнасында болашақ ЖҚАЖ жауынгерлері дайындықтан қалай өтетіні көрсетілген видеоны бөлісті. Видеода ҚР ІІМ Алматы академиясының алғашқы кәсіби даярлығының студенттері. Олар тауда 45 шақырым қашықтықты жүріп өткен.
"Болашақ жауынгерлер ҚР ІІМ Алматы академиясында ел Президентінің жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру туралы тапсырмасын іске асыру шеңберінде оқу орны әзірлеген арнайы бөлімшелердің бірыңғай арнайы бағдарламасы бойынша бастапқы даярлық курстарынан өтіп жатыр", - делінген хабарламада.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, сабақтың тақырыбы - таудағы дайындық. Жаяу жүру бағыты - Іле Алатауы. Жауынгерлер су өткелдерін, жартасты жерлер мен көптеген басқа да кедергіні еңсерді.