Педагог Ольга Хрушеваның айтуынша, бала кішкентай кезінде өзге тілді тез үйренеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.Lenta.ru-дың жазуынша, бала 1,5 жастан бастап 9 жасқа дейін жаңа дүниені меңгеруге құштар болады. Қызығушылығы жоғары бала ақпаратты тез қабылдайды. Педагог Ольга Хрушеваның пікірінше, балаға шет тілін 3-5 жас аралығында үйреткен тиімді.
Шет тілін бес жасқа дейін балаға үйреткенде, бала тіл үйренудегі кедергілерге тап болмайды. Қате сөйлеп, қате жазғанын да қаперіне алмайды. Мұғалім жазуын түзетіп, ескерту айтса да елемейді. Сондықтан тез үйренеді. Себебі, кішкентай балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады.
Бұған дейін бастауыш сынып оқушылары тек қана ана тілінде білім алатыны туралы жазған болатынбыз.