«Жеңілдетілген несиемен көлік алып беремін» – алаяқ әйелге сенген тұрғын 2,5 миллион теңгесінен айырылды
«Жеңілдетілген несиемен көлік алып беремін» – алаяқ әйелге сенген тұрғын 2,5 миллион теңгесінен айырылды
Фото: life.ru
448
оқылды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында көлік алып беремін деп танысын алдап кеткен әйел анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің жазуынша, Сарыағаш полициясына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, өзінің танысы жеңілдетілген несиемен Toyota 55 көлігін алып беретінін айтып, 2,5 миллион теңгесін алып кеткен. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген автокөлікті алып бермеген. Ақшаны да қайтармаған. Аталған жайт ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Полиция күдікті әйелді анықтады. Жұмыссыз әйел жәбірленушіні алдап, ақшаны өзі пайдаланған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.