Орал-Атырау тасжолында жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Орал-Атырау тасжолында жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Фото: ПД-нен алынды
413
оқылды
Батыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысты. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кеше сағат 12.45 шамасында Орал-Атырау тасжолының 3-шақырымында болған. 1981 жылғы жүргізушінің басқаруындағы «Лада Гранта» және 2002 жылы туған жүргізуші тізгіндеген «Тайота Камри» маркалы автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Лада Гранта» маркалы автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Сондай-ақ 4 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен тергеу амалдары басталды. Бұған дейін Атырау-Астрахан бағытындағы жолдың мәселесін жазған болатынбыз.