СҚО-да бір ай бұрын жоғалған 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды
СҚО-да бір ай бұрын жоғалған 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Фото: inbusiness.kz
568
оқылды
Петропавлда із-түзсіз жоғалған Юрий Волосниковтың мәйіті табылды. 1961 жылы туған Юрий Волосников 24 қыркүйек күні үйінен шығып кеткен. Өздігінен іздеп, таба алмаған туыстары полицияның көмегіне жүгінді. Көпшілік Юрий Волосниковтың аман-есен табылатынынан үміт үзбеген еді. Волонтерлердің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялаған мәліметте ер адам өзіне қол жұмсағаны жазылған. СҚО прокуратурасының мәліметінше, тиісті сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі кейін жария етілмек.