Мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей ме?
Мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей ме?
Фото: taunews.kz
291
оқылды
Биыл 25 қазан – Республика күніне орай қазақстандықтар үш күн демалады. Мерекеге орай Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін жариялады. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы хабарлады. «25 қазанда Республика күнін атап өтеді. Мереке күндері 23, 24 және 25 қазанда еліміз бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар да жұмыс істемейді» делінген ресми хабарламада. Кезекші ХҚКО-да 24 қазан күні 09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетіледі. 22 қазан жұмыс күні болып бекітілген. ХҚКО сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.