Мемлекет басшысының Жарлығымен үш азамат еліміздің ең жоғары наградаларымен марапатталды.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы – ішкі істер органдарының ардагері, Астана қаласы.
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Исабеков Дулат – жазушы, Алматы қаласы
Розметов Владимир Фёдорович – «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС директоры.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 14 қазан", - делінген Ақорда таратқан құжатта.