Президенттікке үміткер Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы сайлаушылармен кездесу өткізуде
Президенттікке үміткер Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы сайлаушылармен кездесу өткізуде
474
оқылды
Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы белсенді насихат жұмыстарын бастап кетті. 22 қазан күні штабтың үгіт-насихат тобы Ақмола облысы Қосшы қаласының Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуге келгендерді үміткердің сайлауалды платформасының басты бағыттарымен таныстырды. Қ.Әбден өз бағдарламасының әрбір қазақстандықтың өміріне қалай әсер ететінін әңгімелеп берді. Кездесу барысында сайлаушылар белсенділік танытып, түрлі сұрақтар қойып, мәселе көтерді. Сұрақтардың дені әлеумет, инфрақұрылым, баспананы жақсарту туралы болды.
«Бүгін бізге президенттікке үміткер Қарақат Әбден келіп, өз бағдарламасының мәнін түсіндіріп берді. Өзім қаламыздың инфрақұрылымын дамытуға байланысты бірнеше сұрақ қойдым», – дейді Қосшы тұрғыны Әлия Бекенова.
Қосшыда 60 мың тұрғын бар. Экономикасы дәстүрлі түрде Астанамен тығыз байланысты. Бұл қалаға да Қазақстанның басқа агломерациялары сияқты  халық санының өсуіне сай проблемалар тән. Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау 20 қараша күні өтеді.