Алты жеңіл көлік тиеген Mercedes аударылды
Алты жеңіл көлік тиеген Mercedes аударылды
©https://kaz.zakon.kz/
673
оқылды
Ақмола облысында алты жеңіл көлік тиеген Mercedes аударылды. Бұл жайында Zakon.kz хабарлады. Оқиға 21 қазан күні болған. "Екатеринбург – Алматы" тасжолында жүргізушісі рөлге ие бола алмауынан  6 жеңіл көлік тиеген Mercedes Actros аударылып қалған. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, тек машиналарға механикалық зақым келген. Жол-көлік оқиғасы кезінде 33 жастағы жүргізуші аздап мас болған екен. Ол жол апатынан кейін оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Әзірге материалдық залал анықталып жатыр. Ал жүргізушіге қатысты көлікті мас күйде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ ол апат орнын қалдырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа жіберілген.