Балаларды тәттілермен алдап, ұрлап кететін ер адамдар туралы ақпаратқа қатысты ІІМ түсініктеме берді
Балаларды тәттілермен алдап, ұрлап кететін ер адамдар туралы ақпаратқа қатысты ІІМ түсініктеме берді
609
оқылды
Балаларды тәттілермен алдап, ұрлап кететін ер адамдар туралы ақпаратқа қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді, – деп хабарлайды  Stopfake.kz порталы. WhatsApp-та, белгісіз біреулер ұлын ұрламақ болғанын айтқан әйелдің аудио хабарламасы тарады. Бетперде таққан адам балаға кәмпит ұсынып, оны ішінде бірнеше адам бар қара көлікке отыруға шақырған екен. Хабарламада әйел ұлының қаскүнемдерден қашып үлгергенін айтады, дегенмен ол полицияға барып, оқиғаның мән-жайын хабарламақ. ҚР ІІМ бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Олардың мәліметінше, ақпарат тексерілген және расталған жоқ.
"Полицияға мұндай арыздар түскен жоқ", – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.