Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, – деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жастағы бүлдіршін Айкөркем Мелдехан оққа ұшып, мерт болғаны белгілі. Кейіннен Алматыда «Қай аға мені атқан?» деген мурал салынып, біраз уақыттан соң ол алынып тасталған болатын. Ал ата-анасы құқық қорғау органдары тарапынан қысым көрген соң шетелге көшуге мәжбүр болғандарын айтқан. Айкөркемнің ісіне қатысты Бас прокуратура былай деді.
"Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мен білетіндей, қазір сараптамалар тағайындалып, сот тергеу амалдарының қорытындыларын күтіп отыр", – деп атап өтті Әсет Шындалиев Сенат отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.Айта кетейік, бұған дейін 4 жасар Айкөркем Мелдеханды атып өлтірген адамның әскери қызметші екені белгілі болды.