Ұлытау облысында ғарыш кемесінің сынығы құлады: тұрғындар эвакуацияланды
Ұлытау облысында ғарыш кемесінің сынығы құлады: тұрғындар эвакуацияланды
© видеодан алынды
507
оқылды
Әлеуметтік желіде Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында зымыран құлағаны туралы ақпарат тарады. Жергілікті әкімдік аталған жағдайға қатысты пікір білдірді. Жаңаарқа ауданының тұрғындары Орынбай ауылы маңындағы далаға құлаған ғарыш кемесінің сынығын видеоға  түсіріп алған. Тұрғындар кеменің сынығы азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін деп қауіптенеді. Жаңаарқа ауданының әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство құлаған зат "Прогресс МС-21" ғарыш кемесіне сынығы екенін хабарлады.
"Бұл "Прогресс МС-21" жүк кемесінің фрагменті. Ол Орынбай елді мекенінен 25 шақырым жерге құлаған. Жақын маңдағы қыстаулардың тұрғындары эвакуацияланды. Орынбай ауылының тұрғындарын көшірген жоқпыз. "Роскосмос" мамандары ғарыш кемесінің ұшу күні мен уақытын алдын ала біліп, фрагменттің құлаған жерін анықтаған. Олар бұл жерді күзететін арнайы жедел әрекет ету тобын құрды. Ғарыш аппаратының алғашқы фрагменттері алынып тасталды, олар қауіп төндірмейді", – делінген хабарламада.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ЖЕЗКАЗГАН | СОБЫТИЯ | НОВОСТИ (@etozhez)