Үкіметтің қаулысымен Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматы қаласында туған.
Қазақ ұлттық медицина университетiн, Tulane University (АҚШ) бiтiрген.
Еңбек жолын 2005 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің №1 қалыпты анатомия кафедрасының зертханашысы болып бастады.
2010 жылы – «Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталығы» АҚ білім бөлімінің жетекші маманы, маркетинг және стратегия бөлімі бас маманының міндетін атқарушы.
2010-2013 жылдары «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Инновация және технологиялық трансферт департаментiнде түрлі қызметтер атқарды.
2013-2014 жылдары – «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының» президентi.
2014-2016 жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.
2016 жылы Республикалық денсаулық сақтау орталығы бас директорының орынбасары болды.
2016-2017 жылдары – Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Медициналық қызметті стандарттау департаменті директорының м.а., директоры.
2017-2018 жылдары – Денсаулық сақтау министрлігі Жобаларды басқару департаментінің директоры.
2018-2020 жылдары – СҚО әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Петропавл қаласы.
2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетiнiң төрағасы болды.
2021-2022 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.