Конституциялық заң жобасы қаралады
Конституциялық заң жобасы қаралады
336
оқылды
Парламент Сенатының Бюросы 3 қара­шада өтетін Палата отырысының күн тәр­тібін бекітті. Алдағы бейсенбіде сенаторлар Мемлекет бас­шы­сының тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған бірқатар заң жобасын қарайды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы», «Прокуратура туралы», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заң­да­рына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 нау­рыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» кон­сти­туциялық заңдардың жобалары Сенат оты­рысының күн тәртібіне енгізілді. Сонымен қатар Палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық­бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобаларын да қарайды. Одан бөлек, Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.