Үкіметте кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру мәселесі талқыланды
Үкіметте кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру мәселесі талқыланды
Фото: primeminister.kz
463
оқылды
Үкіметте кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Экономиканы демополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Онда кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру және мұнай-газ саласындағы шараларды іске асыру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша, Алматы облысындағы коммерциялық көлік-логистикалық компаниялардың бірі айрықша жағдайын пайдаланып, 2021 жылғы сәуір мен желтоқсан аралығында шамамен 4,3 миллиард теңгеге монополиялық табыс тапқан. Компанияға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Биыл қазан айында жекеменшік ұйым басшылығы еншілес ЖШС-дағы қатысу үлесінің 100%-ын мемлекетке сыйға беру туралы өтініш түсірді. Бұған дейін Әлихан Смайылов Үкіметке негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне қайтару үшін ұсыныс әзірлеуді тапсырған болатын.