Қазақстанда 2023 жылдың маусымына дейін қиындықтар болады - нумеролог
Қазақстанда 2023 жылдың маусымына дейін қиындықтар болады - нумеролог
1,217
оқылды
Қазақстанды болашақта не күтіп тұрғаны туралы белгілі нумеролог, психология ғылымдарының докторы Клара Күзденбаева мен профессор, ғылым докторы Владимир Кузнецов айтып берді, - деп хабарлайды “Информбюро” жаңалықтар қызметі. Нумерологтың айтуынша, Қазақстанда жаздың басына дейін аумалы-төкпелі кезең болады, жаздың ортасынан бастап барлығы біртіндеп қалпына келе бастайды.
“Қазіргі таңда әлемдегі жағдай қиын. Қазақстанға қатысты айтатын болсақ, 2023 жылдың маусым айына дейін бірқатар қиындықтар болады. Одан кейін барлығы тұрақтанады. Қандай жағдай болмасын, Қазақстан көп нәрсеге лайық. Басшылыққа ақылы толысқан адам келді. Нумерология бойынша президент ретіндегі рөлі ерекше бағаланады. Соңғы жағдайлар мұны дәлелдеді. Репрессия, қоныстандыру кезінде Қазақстан көптеген шетелдіктерді қабылдаған еді, қазір де солай болып жатыр. Тарих қайталануда”, – дейді Клара Күзденбаева.
Нумеролог қазір халықтың бірігуі, бір-біріне қолдау көрсетуі маңызды екенін айтты.
“Қиындық үнемі болған және болады. Ең бастысы халық бірігуі керек. Ешқандай провокацияға жол бермеу қажет. Халық біріккенде ғана алға жылжу болады. Барлығы адамның өзіне байланысты. Бірінші кезекте сабыр қажет. Сондықтан өзімізден бастауымыз керек. Қазіргі жағдайды болжау мүмкін емес. Нумерология жеке адамды зерттегендіктен, егер елдің басшысы жоғарыда болса, халық та жоғарыда болады. Тағы да барлығы жеке тұлғаларға байланысты”, – дейді Клара Күзденбаева.
Ал Владимир Кузнецов алдағы уақытқа жақсы болжам жасады.
“Мен төрт жыл бойы Қазақстан бойынша болжам жасап жүрмін, барлығы сай келеді. Қазіргі таңда жамандық көріп тұрған жоқпын”, – дейді Владимир Кузнецов.