Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаты Фуат Сатыбаевты тіркеу туралы қаулы қабылдады.
Сайлау туралы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «Ақ жол» демократиялық партиясы ұлттық кеңесінің 5 қарашадағы № 1 қаулысына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы қаулы қабылдады.
«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Ақ жол» ҚДП қоғамдық бірлестігінің мүшесі Фуат Сайдахметұлы Сатыбаевқа берілсін. Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін. Тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын» делінген қаулыда.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Фуат Сатыбаевтың Павлодар облысында хирург-дәрігер екенін атап өтті.
2021 жылғы 10 қаңтарда «Ақжол» партиясынан VII сайланған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.
VII шақырылған облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.