Сенаторлар еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қатаңдату жөнінде заң жобасын дайындады
Сенаторлар еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қатаңдату жөнінде заң жобасын дайындады
408
оқылды
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміз Президентінің Қарағанды облысындағы қайғылы оқиғаны мұқият тергеу жөніндегі тапсырмасы бар екенін еске салды және барлық кінәлілердің жауапқа тартылатынына сенім білдірді. «Сенаторлар маусым айында тобы еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қатаңдату туралы заң жобасын дайындады. Оның ішінде инспекторлардың өкілеттіктері бойынша, мүмкіндігінше жоспардан тыс тексерулер бар. Қосымша ұсыныстар дайындау аясында (Үкімет тарапына) сенаторлардың түзетулерін ескеру туралы өтініш бар. Барлығы бірге жұмыс істеуі керек, осындай төтенше жағдайлар мен трагедиялар үшін жауапкершілікті күшейтетін нормалар қабылдануы тиіс. Бұл нормалар Қазақстанда мұндай оқиғалар ешқашан қайталанбауы үшін жұмыс істейді деп үміттенеміз. Бәріміздің жедел және сапалы жұмыс жасауымыз маңызды», - деп атап өтті Сенат Төрағасы Үкімет басшылығына арнаған сөзінде.