Алтай Көлгінов жыл соңына дейін тағы 6,5 мыңнан астам жастардың жұмысқа орналасатынын айтты
Алтай Көлгінов жыл соңына дейін тағы 6,5 мыңнан астам жастардың жұмысқа орналасатынын айтты
267
оқылды
Бүгін Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала жастары мен жас спортшылармен жүздесіп, оларды толғандырған сұрақтарына жауап берді. Бұл жайында елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. –Еркін микрофон форматында өткен жиында жастармен және спорт өкілдерімен кездесіп, өздерін толғандырған жауабын алды деп ойлаймын. Мысалы, олардың қатарында тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, білім беру саласында түрлі оқыту жобаларын енгізу, спорт орталықтарын ашу, жас спортшыларды қолдау секілді түрлі сұрақтар қойылды. Мұндай кездесулердің арқасында өткір мәселелер тиімді әрі жылдам шешуге, проблемаларды назарда ұстауға көмектеседі. Мәселен, осыған дейін жаттықтырушылар мен спортшыларға жеке медициналық мекеме бөлу туралы проблема көтерілген еді. Өйткені олар кәсіби тексерулерді өзге пациенттермен қатар өтіп, бірге емделеді екен. Ал бұл спортшылардың дайындық сапасы мен сауықтыру процесіне кері әсерін тигізуде. Сондықтан мәселені бірлесе талқылаудың арқасында спортшыларға арналған арнайы медициналық орталық (А-82 көшесіндегі «Нұрлы Жол» теміржол вокзалының жанында) ашылды. Сол сияқты бокс, жекпе-жек өнері орталықтары, жекпе-жек залы және тағы да басқа дайындық залдары ашылды. Сонымен қатар «Толқын» спорт кешені мен «Жастар» сарайы, «Қазақстан» спорт кешенінде қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді, – дейді Алтай Көлгінов. Алтай Көлгінов Қала әкімінің айтуынша, Көктал-2 және Өндіріс елді мекендерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Аталмыш орындарда спорттың 10 түрі бойынша 1 мыңға жуық бала жаттығып жүр. Дәл осындай дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы тағы екі елді мекенде жүріп жатыр. Ал бұқаралық спортты қаржыландыруды 3 есеге арттырған екен. Тіпті, 2020-2021 жылдары жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 50%-ға, биыл тағы 25%-ға өсті. Сонымен бірге кадр тапшылығын шешу үшін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша гранттар бөлінді. Алтай Көлгінов – Жастарды белсенді қолдап жатырмыз. Қазір жастар желісі бойынша бірнеше тұрғын үй бағдарламасы бар. Өткен жылы жеңілдетілген несиелеу арқылы арнайы «Elorda Zhastary» тұрғын үй бағдарламасын енгіздік. 2 жыл ішінде 3,4 млрд теңгеге несие берілді. Ал жалға алу бағдарламасы бойынша 3 жыл ішінде жұмыс істейтін жастарға 2,5 мыңға жуық пәтер берілді. Оған қоса, жастардың жұмысқа орналасу орналасу мәселесін тұрақты қарастырып отырмыз. Өткен жылы 6 мың жас жұмысқа орналасса, жыл соңына дейін тағы 6,5 мыңнан астам жасты жұмысқа орналастыруды жоспарда бар. Сондай-ақ бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін грант та бар, – деді әкім. https://www.youtube.com/watch?v=w46ZHMIMxHU&feature=youtu.be