Отқа оранған қойманың бетон конструкцияларының құлау қаупі болғандықтан өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтауға ерекше назар аударды.
«Алапат өрт 1 сағат 9 минут ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ», – деді ТЖД өкілі.
Бұған дейін Алматыда базар өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз.