Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов мәдениет және өнер қайраткерлерімен жүздесіп, ел астанасының мәдени ошаққа айналуына атсалысудағы үлесін атап өтті. Бұл жайында қала әкімі өзінің Instagram парақшасында жариялады.
– Елордамыз мәдени орталық болып саналады. Жұрт сүйсінерлік қойылымдар мен шығармашылық жетістіктердің артында мәдениет және өнер қайраткерлерінің орасан зор еңбегі жатыр. Сонымен бірге, олар өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Жылдан-жылға мәдени мекемелерге, театрларға, мұражайларға, кітапханаларға баратындар қатары артып келеді,– деді Алтай Көлгінов.
Кездесу барысында өнерсүйер қайымның ортасында мәдениет саласын дамыту және олардың еңбек жағдайын жақсарту секілді мәселелері талқыланды. Сонымен қатар мәдениет және өнер қайраткерлері мәдени нысандар желісін кеңейтіп, ғимараттарды жөндеді әрі шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуды сұрады. Сондай-ақ тұрғын үй, жалақы мөлшерін көтеру мәселелері қозғалды. Әрбір көтерілген мәселе бойынша қала әкімі Алтай Көлгінов "кездесуде айтылған проблемаларды шешу жұмысы қолға алынды, кестеге енгіземіз" деп жіті қарауына алғанын жеткізді.
Әкімнің айтуынша, бүгінгі күннің маңызды мәселелердің бірі – тұрғын үй. Енгізілген түрлі тұрғын үй бағдарламалары ішінен өнер және мәдениет қайраткерлері де тыс қалмады. Олардың ел алдындағы еңбегін ескере отырып, Қазақстандық тұрғын үй бағдарламасы (ҚИК) желісіне мәдениет қайраткерлері санатына енгізілді. Оған қоса, тұрғын үй сертификатының сомасын 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
– Осы жылдың маусым айында мәдениет қызметкерлерінің, яғни кітапханашылар, суретшілер, мұражай қызметкерлері және тағы басқа мамандардың жалақысы 30-дан 50 пайызға дейін көтерілді. Тіпті, еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар жүйелі түрде жалғасып жатыр. Сондай-ақ бірқатар мәдени нысандарға жөнделді. Мысалы, М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Өздеріңіз білетіндей, жөндеу жұмысы 2018 жылы басталған. Алайда сыбайлас жемқорлыққа байланысты, яғни оның ішінде мердігер тарапынан да заң бұзылғаны анықталған. Соның салдарынан сот рәсімдері аяқталғаннан кейін жаңа мердігер анықталып, жұмыс қайта жанданған болатын. Тіпті, ерекше қажеттілігі бар жандардың өтінішімен «Qanattylar» инклюзивті театры ашылды. Бұл театрдың артықшылығы – ерекше қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтендіру, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік беру. Сөйтіп, арнайы сабақтардың арқасында олар да оңалтудың бір түрін алуда, – дейді қала әкімі.
Қала әкімдігі мәдениет қайраткерлерімен бірлесе отырып, оқушыларға арналған бірлескен жобаны іске қосқан. Мәселен, «Музейдегі оқу күні» жобасы оқушылардың ҚР Ұлттық музейінде еліміздің тарихымен танысып, тереңінен зерделеуіне мүмкіндік береді. Сол секілді қалада мәдениет және өнер қайраткерлері, өзге де ниет білдірушілер қойылымдар мен спектакльдер өткізе алатын бірқатар қоғамдық кеңістіктер ашылды.