Мейрам Қажыкен Ақтауға жұмыс сапарымен барды
Мейрам Қажыкен Ақтауға жұмыс сапарымен барды
268
оқылды
ҚР Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен Ақтауға жұмыс сапарымен барып, теңіз сауда портының жұмысымен танысты. Портта үміткер паром кешені, мұнай құю айлақтары, астық және құрғақ жүк терминалдары, тиеу-түсіру кешені, Портофлот, «Баутино» жүк ауданы, оның инфрақұрылымы жайында танысып, мұндағы қызметкерлердің жұмыс ерекшелігімен танысты. Қызығы, бұл жерде барлық нысандар тәулік бойы жұмыс істейді. Оның үстіне, бір уақытта порттан 9 кеме өңделуі мүмкін. Ал жүктерді ауыстырып, тиеу күші 17,7 млн тоннаға жетеді екен. Мейрам Қажыкен кездесу барысында порт қызметкерлеріне өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Тиісінше,  порттың ел үшін халықаралық ауқымдағы үлкен экономикалық мүмкіндік екенін юаса назар аударды. «Ақтау порты – үлкен әлемге жетелер қақпа. Оның жүктерді ауыстырып, тиеуді ұлғайту үшін әлеуеті бар. Елдегі көлік логистикасы жүйесіндегі маңызы зор», – деді ол.