Жигули Дайрабаев: Отандық өндірісті дамыту мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі болуы тиіс
Жигули Дайрабаев: Отандық өндірісті дамыту мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі болуы тиіс
498
оқылды
Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Семей қаласындағы «Qazaq Astyq group» ЖШС май экстракциялық зауытына барып, еңбек ұжымымен кездесті. Былтыр іске қосылған өндіріс ошағы майлы дақылдарды өңдеу бағытындағы ірі әрі заманауи зауыттардың бірі. Кәсіпорындағы күнбағыс шикізатын өңдеу қуаты тәулігіне мың тоннаны құрайды. Дайын өнім отандық нарықтан бөлек, ТМД елдеріне экспортталады. Қазіргі уақытта зауытта 400-ге жуық адам еңбек етеді. Жигули Дайрабаев Кандидатпен кездесу барысында зауыт ұжымы өздерінің түйткілді мәселелерін баяндап, шешу жолдарын бірлесе қарастыруға ниет білдірді. Зауыт басшылығының айтуынша, бүгінде толықтай өндірістік қуатқа шығу мүмкіндігі болмай отыр. Оған себеп кезінде Украина елінен сатып алынған жабдықтарға сәйкестік сертификатының жоқтығы. Өз кезегінде Жигули Дайрабаев отандық өндіріс саласының дамуына үлес қосып жүрген әрбір кәсіпорынға мемлекет қолдау көрсету қажет екендігіне баса назар аударды.
«Еліміздің өсімдік майы өндірісінде әлемдік деңгейге көтерілуіне күмән жоқ. Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне үлкен көлемдегі экспортқа шығуға мүмкіндік бар. Өз кезегінде мемлекеттің саясаты егістік алқабын әртараптандыруға және май дақылдарын өсіруді субсидиялауға бағытталуы тиіс. Осылайша осы сектордағы импорттың үлесін азайтуға және жеке қайта өңдеуші өндіріс ошақтарын дамытуға септігіміз тиеді», дейді Жигули Дайрабаев.
Жигули Дайрабаев Жиын соңында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, саланы дамыту жолындағы жоспарларымен бөлісті.