"11.11.2022 жылы жәбірленуші өзі полицияға келіп, бұрынғы таныстарының бұдан ақша бопсалап, оған тиесілі автокөлікті алып қойғанын және оны бопсалау мақсатында полиция қызметкерлеріне қатысты бейне жазуға мәжбүр еткені туралы арызбен жүгінді. Ол таныстарының талабын орындаудан бас тартқан кезде, олар видеоны жариялап жіберген", - дейді Павлодар облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Берік Оралов.Осы қылмысты жасады деген күдікпен Ақсу қаласының жұмыссыз тұрғындары (1989, 1994, 1995 жылы туған) анықталып, ұсталған. Олар Павлодар қаласының УҰИ-ға қамауға алынған. Нәтиже бойынша әрбір қатысушының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Полицейлер есірткі сатты деп айыпталды: ІІМ пікірі

266
оқылды
оқылды