Атырауда тал түсте қарақшылық шабуыл жасаған 23 жастағы ер адам ұсталды
Атырауда тал түсте қарақшылық шабуыл жасаған 23 жастағы ер адам ұсталды
1,921
оқылды
Қарақшы тапа тал түсте микро қаржы ұйымдарының біріне тапаншамен кіріп, касса қызметкерін қорқыту арқылы, 208 мың теңге ақшаны алып кеткен. Оқиға 12 қараша күні сағат 11:20 шамасында болған. Бетперде киген белгісіз ер адам микро қаржы ұйымдарының біріне еркін кіріп, кассадағы қызметшіні тапаншамен қорқытып, ақша алып кеткен. Күдіктіні полицейлер ізін суытпай ұстады. Операцияға Атырау қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығы мен Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды.
"Күдікті оқиғадан соң 1 сағаттың ішінде қала көшелерінің бірінен ұсталды. 1999 жылы туған күдіктіден айғақ заттар тәркіленіп, Атырау қалалық полиция басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бап, 2 бөлігі бойынша іс қозғалды" делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.