Оқиға бүгін сағат 14:50-де Рысқұлов даңғылы бойында болды. «Тіркемесі бар «Вольво» жүк көлігінің жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатып, жаяу жүргіншілер өткеліне соғылады. Көпірге зақым келді. Жетісу аудандық полиция басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр» делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Алматыда 600-ге жуық жол белгісінің талапқа сай келмейтіні туралы хабарлаған болатынбыз.