Қазақстанда тағы бірнеше актив мемлекет меншігіне өтуі мүмкін
Қазақстанда тағы бірнеше актив мемлекет меншігіне өтуі мүмкін
340
оқылды
Қазақстанда тағы бірнеше актив мемлекетке берілуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет үйінде өткен экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша белгілі болды, – деп хабарлайды primeminister.kz. Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, "Самұрық-Қазына" қорының басшылары қатысты.
"Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетикалық кешеннің кейбір активін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорынды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады. Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажет заңдық және ұйымдастыру шарасын пысықтауды тапсырды", – делінген хабарламада.