ҚР Сыртқы істерминистрлігінің баспасөз қызметі шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиясы өз жұмысын аяқтағанын хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, сайлау учаскелерінде 11 360 ҚР азаматы дауыс берген. Бұл дауыс берушілердің 88,47%-і.
Еске салсақ, шет елдердегі ҚР мекемелерінің жанынан 53 мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12 841 адамнан тұратын 68 учаскелік сайлау комиссиясы ашылған болатын.