TikTok house жобасына қатысасыз ба?
TikTok house жобасына қатысасыз ба?
©/ru.sputnik.kz
339
оқылды
2022 жылы 21 қарашада Астана қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ бастамасымен «Ел бірлігі» ТikTok house жобасы (бұдан әрі – «ТikTok house») бастау алды. Аталған жоба биыл 18 желтоқсанға дейін жалғасады. TikTok house жобасының мақсаты – жалпымәдени және жалпытарихи құндылықтарды, мәдениетаралық диалогті дамытуға, қазақстандық этностарды «бірлігіміз әралуандықта» қағидаты бойынша біртұтас ұлтқа интеграциялауға, оның ішінде қазақ тілін үйрену және елдің қоғамдық дамуының 100 өзекті тақырыбы бойынша бейнеконтент жасауға бағытталған бірегей алаң құру. TikTok house – бұл блогерлер ортақ мазмұнды жасайтын, қысқа бейнелер түсіретін және оларды #qogam_life ортақ хэштегі бойынша tiktok беттеріне орналастыратын алаң. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 200 жастар, оның ішінде этномәдени бірлестіктердің, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері қатысады. Қатысушылар бір-бірімен бәсекелесетін 3 үйде орналастырылған. Аптаның соңында бейнероликтері ең көп қаралған 4 қатысушы марапатталады. Жоба барысында инновациялық технологиялар мен оқытудың жаңа форматтарын пайдалана отырып, оқыту әдістемесін қолдану арқылы қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру көзделген. Қазақ тілін оқыту үшін кәсіби спикерлер шақырылады, олар өз кейстерімен және тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен бірге заманауи видео мен фото түсіру саласын меңгеруде қатысушылар үшін мастер кластар  өткізетін SMM мамандарын, фотографтар мен мобилографтарды шақыру жоспарлануда.