Бүгін Арменияда ҰҚШҰ саммиті өтеді
Бүгін Арменияда ҰҚШҰ саммиті өтеді
Фото: gov.kz
499
оқылды
23 қараша күні Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) саммиті өтеді. Саммит Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянның төрағалығымен өтеді. ҰҚШҰ сайтындағы ақпаратқа сәйкес, іс-шараға Қасым-Жомарт Тоқаев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады. Күн тәртібінде – халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылау.