Астана-Ыстанбұл рейсі 30 сағатқа кешіккен – Азаматтық авиация комитеті себебін түсіндірді
Астана-Ыстанбұл рейсі 30 сағатқа кешіккен – Азаматтық авиация комитеті себебін түсіндірді
203
оқылды
ҚР Азаматтық авиация комитеті Астана-Ыстанбұл бағытындағы РС-229 рейсі ұшу уақытының неліктен 30 сағатқа кешіккендігін түсіндірді.
«Осы жылдың 26 қарашасындағы «Pegasus Airlines» әуе компаниясының Астана-Ыстанбұл бағытындағы РС-229 рейсінің ұшу уақыты техникалық себептерге және экипаж уақытының аяқталуына байланысты 30 сағатқа кешігуде. 27 қазан күнгі сағат 11-00-дегі жағдай бойынша рейстің ұшуы техникалық себептерге байланысты кешігіп жатыр», – деп атап өтті Азаматтық авиация комитетінен.
Комитет мәліметінше, рейсі кешіктірілген жолаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, рейс кешіккен кезінде көрсетілетін қызметтер (сусын, ыстық тамақ, қонақүйге орналастыру) ұсынылған.
«Азаматтық авиацияның басты басымдығы – бұл ұшулардың қауіпсіздігі», – деп атап өтеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.