Павлодарда өрттен 1 жасар бала көз жұмып, тағы екеуі зардап шекті
Павлодарда өрттен 1 жасар бала көз жұмып, тағы екеуі зардап шекті
517
оқылды
Кеше Павлодар қаласындағы “Усолка” шағынауданында екі қабатты кірпіш үйдің бірінші қабатында болған өрттен 2 бала зардап шегіп, бір бала көз жұмды.
«10 желтоқсанда сағат 17.57-де “Усолка” шағынауданында екі қабатты кірпіш үйдің бірінші қабатында өрт шыққан. Үйде 5 жасар ұл мен 14 жасар қыз бала болған. Сонымен бірге үйдің залында 2021 жылы туған баланың күйік шалған денесі табылды. Үйде үлкендер болмаған», - делінген полиция хабарламасында.
Өрттен зардап шеккен балалар ауруханаға жатқызылмаған.
«Дәрігерлер оқиға орнына келген кезде 2008 және 2017 жылы туған балаларға күйзеліске түсу диагнозын қойды. Қазір балалар анасымен бірге, - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.