Қазақстандықтар келесі аптада 4 күн ғана жұмыс істейді
Қазақстандықтар келесі аптада 4 күн ғана жұмыс істейді
1,711
оқылды
Алдағы аптада еліміз 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Биыл мемлекеттік мереке жұмаға келіп тұр. Ол күн демалыс болып саналады. Сондықтан қазақстандықтар келесі аптада 5 емес, 4 күн жұмыс істейді. Ал жаңа жыл мерекесі демалыс күндеріне тура келетіндіктен, қазақстандықтар 2-4 қаңтар аралығында да демалады.