Жанармай құю бекетінде жұмыс істейтін әйел ұрлықты өзі ұйымдастырған
Жанармай құю бекетінде жұмыс істейтін әйел ұрлықты өзі ұйымдастырған
Фото: Е.Омарбековтің парақшасынан алынды
474
оқылды
Жітіқарада жанармай құю бекетінің қызметкері ұрлықты қолдан ұйымдастырған. Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков Facebook-тағы парақшасында жазды. Жітіқара қаласында полицейлер қолдан ұйымдастырған ұрлықты ашты. Жанармай құю станциясының қызметкері өзіне 600 мың теңгеден астам қаржыны жымқырмақ болған.
«Таңертең Жітіқара полиция бөлімінің 102 пультіне жанармай құю станциясының бірінде операторға қатысты күш қолданамын деп қорқытқан белгісіз ер адам кассадан 600 мың теңгеден астам ақша ұрлап кеткені туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы бірнеше минутта жетті. Тексеру және жанармай операторына сауалнама жүргізу кезінде полицейлерге берілген ақпараттың дұрыстығына негізделген күмән туындады. Жиналған дәлелдерге байланысты күдікті қыз өзіне ақша иемдену үшін қылмыс жасағанын мойындады. Қомақты қаражат қайтарылды», – деді департамент басшысы.
Қазіргі уақытта полиция «Жалған ақпарат тарату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу жүргізіліп жатыр.