Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Adani Group компаниясының президенті Гаутам Аданиді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында ұзақмерзімді және стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.
Президент үндістандық мультиұлттық Adani Group конгломератының өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарына оң баға берді. Мемлекет басшысы Қазақстан көлік бағыттарын әртараптарандыру жұмысын жүргізіп, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді дамытып келе жатқанын атап өтті.
[caption id="attachment_231973" align="alignnone" width="2000"] Фото: akorda.kz[/caption]
Өз кезегінде Гаутам Адани Мемлекет басшысына компания энергетика, мұнай-химия, жаңартылатын энергия көздері және экономиканың басқа да маңызды секторларында Қазақстан тарапымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты.